Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудағы қалалық ардагерлер кеңесінің міндеттері туралы», «Әуезов аудандық ардагерлер кеңесінің «Аманат» партиясы қалалық филиалымен бірлескен жұмысы туралы» мәселелер қаралды, сонымен қатар Қалалық ардагерлер кеңесі Президиумының Үндеуі қабылданды.
ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру шаралары туралы баяндамасында:
«Биылғы Жолдау азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ға, ең жоғары деңгейін 120%-ға дейін өсіру сияқты шаралар, сондай-ақ Мемлекет басшысының отбасын қолдауға бағытталған жаңа «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын дайындау туралы бастамасы қала ардагерлер қауымының мақұлдауы мен қолдауына ие болды», – деді қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов.
Алматы қалалық ардагерлер кеңесі президиумының мүшелері 230 мың ардагердің атынан қазақстандықтар мен қала тұрғындарына Республика Президентінің Қазақстандағы қайта құру процесінің маңызды кезеңіне айналатын бастамаларын және алдағы кезектен тыс сайлауды қолдау туралы үндеу жолдауға бірауыздан шешім қабылдады.
«Аманат» партиясы Әуезов аудандық филиалының жауапты хатшысы Н. Ордабаева, Жетісу аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Т.Шәкірова сөз сөйледі.