Павлодар облысының экс-әкімі екібастұздықтардан кешірім сұрады

4198
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысының экс-әкімі Әбілқайыр Сқақов екібастұздықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол өз міндетін шынайы және адал орындағанын атап өтті.

«Құрметті жерлестер! Мен үшін сіздерге қызмет ету аса зор құрмет болды. Мәселелерді шешуді басты басымдық ете отырып, мен әрқашан да барлығын шынайы және адал орындадым. Жылдар бойы жиналған мәселелердің біраз бөлігі шешілді, қалғанын шешуге уақыт көбірек қажет болды. Екібастұздағы төтенше жағдай дәл сол – ұзақ уақыт бойы жиналып келген және тез шешілмейтін проблема. Дегенмен, қадірлі Екібастұз тұрғындары, мен қалыптасқан жағдай үшін өз жауапкершілігімнің де бар екенін білемін және сіздерден шын жүректен кешірім сұраймын! Осы күндері менің барлық ойым мен уайымым сіздер туралы болды және солай болады. Сіздерге қайраттылық, ал мамандар мен әріптестеріме мәселенің жедел шешілуін тілеймін»,—деді ол.

Еске сала кетейік, Әбілқайыр Бақтыбайұлы 1 желтоқсанда Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды.

Пікірлер