Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды

2331
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 1962 жылы Алматы облысында туған.

Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Мамандығы – журналист, халықаралық қатынастар маманы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар, саяси ғылымдардың кандидаты.

1985-1994 жылдары әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеді. Өркен – Горизонт газеттерінің бас редакторы, Қазақ мемлекеттік телерадио кешенінің бас директоры болды.

1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімшілігінде басшылық қызметтер атқарды, қала әкімінің орынбасары болды.

1997-2000 жылдарда – Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры.

2000-2002 жылдары премьер-министрі кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.

2002-2003 жылдары – Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстанның Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымы мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі.

2003-2008 жылдарда Қазақстанның Пәкістан ислам республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі, Қазақстанның Түркия республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі, Қазақстанның Албания республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болды.

Пікірлер