Қазақстанда макарон өнімдерін өндіру көлемі артты

3041
Adyrna.kz Telegram
Фото: chexfoods.com
Фото: chexfoods.com

2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыс істеп жатқан макарон өнімдерін шығаратын 40 кәсіпорын 122,8 мың тонна өнім өндірді. Былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштердің 5,8% - ға өсуі байқалады.  Бұл ретте қазақстандықтар жыл сайын орта есеппен 130 мың тоннаға жуық макарон тұтынады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 

Экспортқа келетін болсақ, шетелге 47,1 мың тонна сатылды, бұл көлем 2021 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінде қалды. Қазақстандық макаронның негізгі тұтынушылары Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан болып отыр.

Сондай-ақ макарон өнімдерінің аз көлемі Қазақстанға импорттала бастады. Қаңтардан қыркүйекке дейінгі кезеңде елге тек 23,4 мың тонна шетелдік өнім әкелінді, бұл көрсеткіш 8,2% - ға төмендеді. Салыстыру үшін айта кетейік, 2021 жылдың осы кезеңінде 25,5 мың тонна импортталған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер