2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыс істеп жатқан макарон өнімдерін шығаратын 40 кәсіпорын 122,8 мың тонна өнім өндірді. Былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштердің 5,8% - ға өсуі байқалады. Бұл ретте қазақстандықтар жыл сайын орта есеппен 130 мың тоннаға жуық макарон тұтынады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы
Экспортқа келетін болсақ, шетелге 47,1 мың тонна сатылды, бұл көлем 2021 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінде қалды. Қазақстандық макаронның негізгі тұтынушылары Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан болып отыр.
Сондай-ақ макарон өнімдерінің аз көлемі Қазақстанға импорттала бастады. Қаңтардан қыркүйекке дейінгі кезеңде елге тек 23,4 мың тонна шетелдік өнім әкелінді, бұл көрсеткіш 8,2% - ға төмендеді. Салыстыру үшін айта кетейік, 2021 жылдың осы кезеңінде 25,5 мың тонна импортталған болатын.
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
