Қарағандыда 47 шетелдік мінген автобус бұзылып, құтқарушылар көмекке келді

2263
Adyrna.kz Telegram
Қарағанды облысында "Тәжікстан-Мәскеу" бағытында қатынайтын автобус бұзылып, сапарға шыққандар жолда қалды. Қарағанды құтқарушылары Тәжікстаннан Мәскеуге бағыт алған автобусты жөндеп, шетелдік жолаушыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

28 қараша күні сағат 23:00 шамасында Төтенше жағдайлар департаментіне Қарағандыда «Голубые пруды» шағын ауданында «Тәжікстан – Мәскеу» бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусының бұзылғаны туралы қоңырау келіп түскен. Көліктің жанармай жүйесі зақымдалғаны анықталған.

- Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері автобустың тасжолда орналасқан жерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жан-жақты көмек көрсетті. Жергілікті атқарушы органдар ақауы бар автобусты жылыту жәшіктеріне сүйретуді ұйымдастырды, - деді Қарағанды ​​облысының ТЖД.

"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер