"Бетпақ жеңді, бейшара көнді". Алматыда қазақша емес, аралас мектеп ашқандарға ата-аналар наразылық білдірді

5917
Adyrna.kz Telegram
Алматы қаласы, Алатау ауданында ашылған №209-қазақ-орыс аралас мектебінің білім саясатына қатысты қоғам белсендісі Меруерт Түленова шағым айтып, оқырман қауымға ой салды. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы жазды. 
- "Бетпақ жеңді, бейшара көнді" демекші, бүгін біздің ауданда қазақша-орысша оқытатын №209 аралас мектеп-гимназия ашылды. Ауданда "сына, доча" дейтіндердің дауысы жарқын-жарқын шығып, улап-шулап, жетіскен түріміз осы. 21 ғасыр. Алматы қаласы. Жаңа Қазақстанның жаңа аралас мектебі, - деп жазды белсенді.
Қазақ басым тұратын ауданда қазақша емес, қазақша-орысша білім беретін мектептің ашылуына оқырмандар да ашынып, наразылық білдірді:
"Бір мемлекет ішінде екі қоғам болып өмір сүруге күндердің күнінде бір тоқтам болары сөзсіз...",
"Басқыншылық пен қорғаншылықтың (қорғансыз тіл) қайсысы жеңетіні тікелей биліктің әрекетіне қатысты болмақ...",
"Өз тілін менсінбегені - өлгені. Сол "доча" дейтіндердің ертең ұрпағы азып тозып жоғалады",
"Сына, доча дейтіндердің 95%-ы қара көздер ғой",
"Атака, Ажека дейтін немерелер де толып жүр..Олардың солай айтқанына қазақтың кемпір-шалы мәз. Соған сай шүлдірлеп олар да жүр. Бұлардың саналары оянбайтын шығар-ақ....",
"99 пайыз қазақ тұратын біздің Саялыда да орысша шүлдірлейтін бетпақ келіншектер жетіп артылады. Дарханда да баршылық шығар. Аудан әкімі кездесуге келгенде өңкей қазақ тұрса да сол әйелдер орысша сұрақ қойып, орысша жауап берілді ғой. Өздері ауыздыға сөз, аттыға жол бермейтін типтен",
"Аралас мектепте орыс класстарына басымдық беріледі. Сосын орыс класстарының балалары жалпы кішкене "наглыйлау" болады да, қазақтарды кемсітеді. Ондай наглость-ты біздікілер “орыстар пысық болады” деп жата кеп мақтайды. Сосын бала өзін бір зәбір көрген адам ретінде сезініп жүреді",
"Аралас мектепте оқыған студентім бар, өте қиын, аралас мектепте оқыған жаман дейді... Бала екіжақты боп қалады. Бекер аралас жасайды. Бөліп оқытсын!" деген пікірлер қарша борады.
Пікірлер