Қазақстанда ЭСҚ орнына QR-қол қою енгізілді

2163
Adyrna.kz Telegram
Фото: factorialhr.com.br
Фото: factorialhr.com.br

Қазақстанда мемлекеттік қызметтер порталында ЭСҚ орнына QR қолтаңбасын қою қолжетімді болды. Бұл туралы ақпаратты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі растады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі электронды қосымшаларға қол қоюдың баламалы механизмін – eGov Mobile және eGov Busines мобильді қосымшалары арқылы QR қол қоюды енгізді. QR-қолтаңбаның артықшылықтары алынбалы флэш-тасығышқа ЭСҚ жүктеп алу және қосымша NCALayer қосымшасын орнату қажеттілігін жояды. Бүгінгі күні QR-қол қою электрондық үкімет порталында (egov.kz), Сот кабинетінде (office.sud.kz) және Otbasy Bank сайтында (otbasybank.kz) қолжетімді» деп хабарлады министрлік.

QR арқылы кіру үшін Face ID, саусақ ізі немесе PIN кодын пайдаланып, eGov Mobile (жеке тұлғалар үшін) немесе eGov Business (заңды тұлғалар үшін) жүйесіне кіру қажет. Қолданбаның негізгі бетінде eGovQR қойындысын ашыңыз, QR құрастырады және құжатқа қол қояды.Келесі қол қойылған құжаттар мақсатына сай әрі қарай орындауға/қарауға жіберіледі.Сонымен қатар қол қойылған құжатпен әрқашан танысуға болатынын атап өткен жөн.

«Осылайша, QR-қолтаңба электронды құжаттарға қол қоюдың ыңғайлы және әрқашан қол жетімді тәсілі болып табылады»  деп түсіндірді министрлік.

QR-қолтаңбаны қолдану аясын кеңейту жұмыстары бұдан кейін жалғасады.

«Мәселен, БЖЗҚ сайтында QR-қол қою мүмкіндігін енгізу бойынша жұмыс соңғы сатыға жетті»  деп қорытындылады Цифрлық даму министрлігі.

Бұған дейін министр Бағдат Мусин QR-қолтаңба ЭСҚ-ны толығымен ауыстыратынын айтқан болатын.

“Менің ойымша, ең алдымен, адамдарға электронды қызметтерді пайдалану ыңғайлы болуын қамтамасыз ету керек.  Мен бұл жұмысты жандандырып, NCALayer-тен мүлдем бас тарту туралы тапсырма бердім”, – деді ол.

 

Пікірлер