Қазақстан АЭС құрылысын салуға әлеуетті мердігерлердің соңғы тізімін анықтады. Бұл туралы энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Қазақстан атомдық электр станциясын салу үшін технология жеткізушілерімен жүргізілген бәсекелестік диалогты аяқтады. «Росатом» мемлекеттік корпорациясы қазақстандағы атом электр станциясын салуға арналған технологияларды жеткізушілердің шорт-тізіміне енді. Сондай-ақ, оған кореялық KHNP компаниясы, қытайлық CNNC және француздық EDF компаниялары кірді», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, 2025 жылдың 21 қаңтарында Қазақстан делегациясы, энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевтың жетекшілігімен, Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды.
«Бұл сапар, тендер қатысушыларының ұсыныстарын бағалауға бағытталған келіссөздер сериясының соңғы кезеңі болды. Бұрын, 2024 жылдың қазанынан желтоқсан айына дейін осындай сапарлар Оңтүстік Корея, Франция мен Қытайға жасалды. Жобаны жүзеге асыратын жеткізуші немесе консорциумды таңдау туралы соңғы шешім әзірге қабылданған жоқ. Бұл шешім 2025 жылы Қазақстанның ұлттық мүдделерін, халықаралық нормаларды және міндеттемелерді ескере отырып қабылданады», - деп атап өтті энергетика министрлігі.