«Қазфосфат» басшылығы кешірім сұрады

3561
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы Таразда «Қазфосфат» жұмысшыларының наразылыққа шыққанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

«2022 жылдың 23 қарашасы сағат 11:40 шамасында «Қазфосфат» қызметкерлері арасында түсінбеушілік туындады. «Қазфосфат» ЖШС-ға қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестеріне дөрекі сөйлеген. Соның салдарынан түсінбеушілік болған», - деп хабарлады басқарма.

Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы қызметкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

“Қазфосфат» ЖШС-ға қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестерінен кешірім сұрады. Ол жұмыстан шығарылды”, - делінген ақпаратта.

Ал еңбек инспекциясы басқармасының хабарлауынша, шамамен 200-ге жуық қызметкер жиналған.

«Осы оқиғаға қатысты зауыт ішінен ерікті 20 адамнан құралған жұмысшы топ құрылды. Топ құрамына әр цехтың басшысы және кәсіподақ өкілдері еніп, өзекті мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазір кәсіпорындағы ахуал тұрақтанды. Жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында», - деп хабарлады еңбек инспекциясы басқармасы.

Еске салайық, бүгін,  23 қарашада «Қазфосфат» қызметкерлері наразылыққа шыққан болатын. Қызметкерлердің айтуынша, мекеме басшылығы жұмысшыларды балағаттаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер