Бейбіт күннің батыры. Тараздық оқушы бесіктегі баланы өрттен алып шықты

981
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Тараз қаласындағы №54 мектептің 10-сынып оқушысы Қыдырәлі Қыздарбек нағыз ерлік жасап, бейбіт күннің қаһарманы атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Halyqstan телеграм арнасы хабарлады.

Оқиға 15-шағынаудандағы көпқабатты үйде болған. Мектептен қайтып келе жатқан Қыдырәлі бесінші қабаттағы пәтерден шығып жатқан түтінді байқап, бірден көмекке ұмтылған.

Куәгерлердің айтуынша, адамдар сыртқа қашып жатқан сәтте Қыдырәлі еш ойланбастан подъезге жүгіріп кіріп кеткен. Өртеніп жатқан пәтерде біреуі бесікте жатқан, екіншісі ойнап жүрген екі бала болған. Жасөспірім екеуін де құтқарып, балалардың анасымен қауыштырды.

“Ол балаларды көтеріп алып шықты. Кейін тағы біреу қалып қойған жоқ па деп, қайта кіріп шықты. Бұл үлкен ерлік!” — дейді тұрғындар.

Өрт сөндірушілер келген соң Қыдырәлі еш даңқ күтпестен үйіне қайтып кеткен.

Пікірлер