Әлем чемпионатында Қазақстанның әнұраны ауысып кетті (ВИДЕО)

1357
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Спорттық биден Латвияның Саласпилс қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет алтын алды. Максим Жиленков пен Арина Молочкова бірінші орын иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Алайда марапаттау рәсімінде Қазақстанның ескі әнұраны қосылған. Бұл туралы журналист Айдос Рымқұл әнұранның ауысуы жиі қайталанатынын қатаң сынға алып, Facebook желісінде жазба қалдырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл ел тарихында спорттық биден иеленген алғашқы алтын жүлде. Алайда спортшыларды марапаттау кезінде осыдан 16 жыл бұрынғы әнұран шырқалды.

«Латвияда спорттық биден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған жарыста жастар арасында сынға түскен отандастарымыз Максим Жиленков пен Арина Молочникова спорттық бидің қоссайыс түрінде қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды. Десе де марапаттау салтанатында масқара жағдай болды.

Еліміздің қазіргі гимнінің орнына 1991-2006 жылға дейінгі гимніміз ойналды. Әнұранның ауысқанына 16 жыл болса да, масқара жағдай қайталануда.

Оған жауапты спорт функционерлеріне де бәрібір сияқты. Қайбір жылы мен Спортты дамыту дирекциясында жұмыс істегенде шетелдік жарысқа шыққан әрбір командаға еліміздің гимні мен көк туын қосып жіберу баспасөз хатшысының мойнында болатын. Қазір қалай екенін білмеймін, десе де сұмдық мынау», - деп жазды журналист.

Латвиядағы әлем чемпионатында 32 ел спортшылары бақ сынауда.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket