"Шіркеудің алдында дарға асып, басыңды шабамын" - Ресей губернаторы шенеунікке жөнсіз сес көрсетті

2566
Adyrna.kz Telegram

Ресей бұқаралық ақпарат құралдары Белград облысы басшысының мәлімдемесін жарыса жазып жатыр. Губернатор министрлік өкіліне қоқан-лоқы көрсетті.  Жұмысты дер шағында орындамаған жағдайда оны қалың көпшіліктің алдынға дарға асып, басын шабуға даяр екендігін жеткізген. Бұл жайлы «Подъем» порталына сүйене отырып, "Адырна" ұлттық порталы хабарлады. 

"Міндеттелген жұмыс орындалмай, бір нысан дер шағында тапсырылмаса - қиямет-қайым. Ал бес-алты нысан дер шағында тапсырылмаса, - ату жазасы. Шіркеу алдында дар ағашына басыңды қойып, мойныңды шабу. Елдің көзінше. Туысқандардың алдында", - деді губернатор Гладков жергілікті жиында.

Басшылыққа қарасты баспасөз қызметі мұндай тосын мәлімдемеге түсініктеме беруден бас тартып, губернатордың көп жиындардан қолы босамайтынын айтқан. Орыс ақпарат құралдарын "өсек аңдығындар" деп айыптаған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер