"Сізге жан-жақты көмек көрсетуге дайынмын": Тұрсынбекова Тоқаевты жеңісімен құттықтады

2905
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, оған жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

“Әр кандидаттың өз жеңісі бар. Соның ішінде менің жеңісім – әйел-саясаткер мәртебесіне жаңа деңгей бере алдым, менің сайлау алды бағдарламамның арқасында алалау мен зорлық-зомбылықты түбірімен жою күн тәртібінен түскен жоқ. Электоралды кампаниядағы әр адамның жүрегіне жол таптым деген сенімдемін, тікелей эфирді пайдаланып, халық алдында берген уәделерімнің барлығын орындайтынымды тағы қайталап айтқым келеді. Әр кездесуде әлеуметтік маңызы бар мәселелерді, азаматтардың өмір сапасын жақсарту  мәселесін көтердім. Мұндай кездесулер аз болған жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы,  сізді нық жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Өз жоспарларыңызды жүзеге асыруда  табыс тілеймін! Өз тарапымнан сізге жан-жақты көмек көрсетуге дайынмын”, - деді Салтанат Тұрсынбекова.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер