21 жылда Қазақстанда 3 президент болады - Тоқаев

2456
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

7 жыл сайланатын президенттің халыққа берген уәдесін орындауға жеткілікті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беру үстінде айтып бғрді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

«7 жылдық бір реттік Президент өкілеті халыққа берген уәдені орындауға жеткілікті ме?», - деп сұрады БАҚ өкілі.

«7 жыл уақыт жеткілікті деп ойлаймын. Себебі 7 жыл әрбір адамның ғұмырындағы үлкен мерзім. Сондықтан ең алдымен, бізде, Қазақстанда билікке ешқандай монополия болмайды, билікті монополияға айналдыруға тыйым салынады. Бұл өте маңызды мәселе.  Жеті жыл жеткілікті. 21 жыл ішінде, құдай қаласа, Қазақстан 3 президент болады. Меніңше, бұл өте жақсы», - деді Қ.Тоқаев.

Пікірлер