Алматының жаңа аудандарында заманауи мәдени орта қалыптастыру керек – Тоқаев

3058
Adyrna.kz Telegram

Қала халқының мәдени менталитетін қалыптастыру дамудың маңызды көрсеткіші. Бұл туралы Президент Тоқаев Алматы шаһарының жұртшылығымен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

 

«Тағы бір өте маңызды сала бұл – мәдениет. Алматы Қазақстанның мәдени астанасы саналады. Мұнда театрлар, музейлер, кітапханалар көп. Almaty Fest, The Spirit of Tengri сияқты ауқымды мәдени іс-шаралар жиі өтеді. Бірақ, тағы да сол мәселе, негізгі мәдениет ошақтары қаланың «тарихи орталығында» шоғырланған.Әкімдік қаланың жаңа аудандарында заманауи мәдени орта қалыптастыруы керек. Туристерді көптеп тартуға мәдениет саласының әлеуеті жетеді. Мысалы, жақында Алматыда Димаштың концерті өткенін жақсы білесіздер. Оған 65 елден 13 мың турист келді. Мәдени іс-шаралар қаланың рухани өмірін байытуға, шығармашылық әлеуетін арттыруға тиіс.Сондықтан, озық халықаралық тәжірибені үнемі зерттеп, оны, әсіресе, мәдени туризм саласына енгізу қажет. Жалпы, халық тұрмысының түзелуі, мәдениет ошақтарының артуы және басқа факторлар қала тұрғындарының мәдени менталитетін қалыптастырады. Бұл – дамудың маңызды көрсеткіші»,- деді Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер