"Шибөрідей шулаған тобырдың ғайбатына емес, еліме рақмет айтамын" - Бақытгүл Хаменова

2673
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 15 қарашада, Атырау қаласының №2 соты Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бостандығынан айыру, алайда кәмелетке толмаған балалары барын ескере отырып, жазаны үш жылдан кейін өтеу жөнінде үкім шығарды. Сот үкіміне сәйкес Ақылбек Рысқалиев те 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бақытгүл Хаменова туысқандарымен қауышу сәтінде қысқа сұхбат берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Мен бұл шешіммен мүлде келіспеймін. 11 ай бойы тар қапаста жатқанда да ақиқатты айтып, шындықты сөйлеп, осымен күрестім. Күресе де беремін. Адвокатыммен. Қаумалаған елмен. Аққа құдай жат. Осы сәтті пайдалана отырып мен шибөрідей шулаған тобырдың ғайбатына емес, шындықты айтып шырылдаған, дерек пен дәйекке сенген БАҚ өкілдеріне, журналистерге, 11 ай бойы анама келіп, бір ауыз жылы сөздерін арнап жатқан еліме рақмет айтамын. Шындық түбі ашылады... Маған зорлық пен қорлықты көрсеткен адамдарға айтарым - адамның сотынан құтылғанымен де, алланың сотынан ешкім құтылмайды, - деді Бақытгүл Хаменова

Бақытгүл Хаменова жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде 3 жылдан кейін өтейді. Хаменова сот залынан үйіне жіберіледі. Сот ғимаратының алдында оны ет жақындары мен қолдаушылары күтіп алды.

Айта кетейік, Хаменова мен Рысқалиев Абай ескерткішін жасау бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер