Шымкентте үйлену тойында қонақтар автоматпен оқ атқан (ВИДЕО)

3134
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте үйлену тойына қонақтар Калашников автоматын әкелген. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тойда екі автомат қаруын тәркіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ-гі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жедел қызметкерлер үйлену тойлардың бірінде қалыңдықты шығарып салу рәсімінен кейінгі отшашу кезінде атыс қаруы қолданылатыны туралы ақпарат алды.

Aқпарат расталды. Сағат 00:00-де үйлердің бірінің жанында ауаға оқ ату кезінде полицейлер қаланың 2 тұрғынын автомат қаруымен ұстады. Олардан нөмірлері жойылған АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автоматы тәркіленді. Оқиға болған жерді тексеру барысында криминалистер жиырмаға жуық атылған оқ гильзасын тапты.

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін соталды тергеу басталды. Тиіс сараптамалар тағайындалды, қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Пікірлер