Руслан Берденовке үш рет оқ атқан кім?

856
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан адам туралы ақпарат тарауда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті — 1994 жылы туған Жиенбай Ернар Жиенбайұлы. Ол Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде маман қызметін атқарған.

Сонымен қатар,  Respublica партиясының тең төрағасы, кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің жазуынша, Ернар Жиенбай бұрын Руслан Берденовтың тікелей қарамағында жұмыс істеген.

«Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, оқ атқан адам әкімдікке қарасты серіктестіктің басшысы болған. Жуырда ғана қызметінен босатылған. Оқ өкпесі мен бауырына тиген. Соған қарамастан, дәрігерлердің айтуынша, өміріне қауіп жоқ», — деп жазды Әлібеков.

Еске салсақ,  Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған болатын. Оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болған. Шенеунік бірнеше жерінен жараланып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер