"Мемлекеттік тілде қойылған сұраққа орысша жауап бермеңіздер!" - Мәжіліс депутаты (ВИДЕО)

3304
Adyrna.kz Telegram

Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбай қазақша қойылған сұрақты түсінбеген Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовты сынға алды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Егер менің сұрағыма, сізге және ауыл шаруашылығы министрлігіне, шекара қызметінің бірінші орынбасарына қойылғандай, қазақ тіліндегі сұраққа орыс тілінде жауап беретін болсаңыз, онда жауап қайтармай-ақ қойсаңыз болады. Өзге вице-министрден қағаз жүзінде жауапты өзім аламын. Мемлекеттік қызметкердің, мемлекеттік тілде қойылған қазақша сұрағына өзге тілде орыс тілінде жауап беру «нонсенс» деп санаймын. Құрметті вице-министр! Мен сізден "Дипломмен ауылға" бағдарламасының қалай іске асқанын сұраған жоқпын. Мен сізден қанша балықшыны даярладыңыздар? Қанша балықшы диплом алып, ауылға барды? Қанша балықшы үй алды және әлеуметтік қолдау алды? Сонымен 2009 жылдан бері 13 жылда қанша балықшыға қолдау көрсеттіңіздер? деп сұрадым ғой. Ал "Дипломмен ауылға" бағдарламасын біз сізден артық білеміз. Қанша қаражат бөлінгенін және қалай іске асып жатқанын... Қанша балықшы барды сонымен? 2009 дан бері... Есебі бар ма сізде?", - деді Елнұр Бейсенбай. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер