Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметін тапсырды

969
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Қазақстандық белгілі балуан әрі жаттықтырушы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Біріккен күрес әлемі (UWW) бюросындағы орнынан айырылды. Бұл шешім жуырда Иорданияда өткен UWW ASIA президенті сайлауынан кейін қабылданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

2024 жылғы 24 наурызда өткен Азия чемпионаты аясында 38 ұлттық федерацияның қатысуымен өткен дауыс беру нәтижесінде UWW Азия күрес одағының жаңа президенті болып иорданиялық Мұхаммед Әл-Ауамала сайланды. Ол 34 дауыс жинап, 2028 жылға дейінгі мерзімге тағайындалды.

Тұрлыханов бұл қызметті 2017 жылдан бері екі мерзім қатарынан атқарған болатын.

Дәулет Тұрлыханов – кеңестік және қазақстандық грек-рим күресінің танымал балуаны, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазіргі уақытта – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат 2023 жылы Алматыдағы түнгі клуб маңында ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарға күш көрсеткені үшін сотталған. Алғашында айыппұлмен шектелген сот үкімі кейін қайта қаралып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Алайда, Нұрасыл сот талабын орындамағаны үшін 2024 жылдың қазан айында 1 жыл 5 айға колонияға жіберілді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер