Салтанат Тұрсынбекова Аналар үйіне барды

1655
Adyrna.kz Telegram

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат науқанын Маңғыстау облысында жалғастыруда, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бүгін ол Ақтауға ат басын бұрып, Ана үйіне барды. Кандидат орталықта көмек алып жатқан әйелдермен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Аналардың сұрақтарына жауап беріп, қордаланған мәселелерін талқылады. Ақтаудағы бұл орталық 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 7 жылдың ішінде Ана үйінен 100-ден астам әйел мен 300-ге жуық бала көмек алған.

«Жыл өткен сайын алиментке қарыздар көбейіп барады. Еліміз бойынша сот орындаушыларында жүздеген мың істер бар, қарыздар миллиардтаған теңгені құрайды. Өткен жылы 150-ден астам адам бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, алимент төлемейтін адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған кезде, ол аздаған соманы, айталық, бес мың теңгені төлеп, жауапкершіліктен жалтарып қалуы жиі кездеседі»,—деді ҚР Президенттігіне кандидат.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер