Путин: "Ресей армиясының беделін түсірушілерді азаматтықтан айырамыз!"

3440
Adyrna.kz Telegram

Путин Ресей армиясының беделін түсіріп, халықты аумақтық тұтастықты бұзуға шақырған адамдарды РФ азаматтығынан айыруды ұсынды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Путин келесі себептер бойынша оларды азаматтықтан айыруды ұсынып отыр:

  • армияның беделін түсіру;
  • қалаусыз ұйымның қызметін жүзеге асыру;
  • армия туралы жалған ақпарат тарату;
  • аумақтық тұтастықты бұзуға шақыру;
  • экстремизмге шақыру;
  • мемлекет қайраткерінің өміріне қол сұғу;
  • қарулы көтерілісті ұйымдастыру;
  • Мемлекеттік Елтаңба мен Туды қорлау;
  • қарақшылық, тонау, пара алу, бұзақылық және басқалары.

Айта кетейік, заң жобасының бірінші оқылымы сәуірде өткен. Ол кезде мемлекетке қарсы ауыр қылмыстар, террористік қызмет, есірткінің заңсыз айналымы және жалған құжат жасағаны үшін, сондай-ақ азаматтың өз еркі бойынша азаматтықтан айыру көзделді. Сәуір айында Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин Ресейдің Украинадағы әрекеттерін сынайтын ресейліктерді азаматтықтан айыруды және елге кіруге тыйым салуды ұсынған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер