"Бізді тонап, жерімізді сатып жатыр": Албания халқы премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етуде

2624
Adyrna.kz Telegram

Албания астанасы Тиранда мыңдаған наразылық білдірушілер елдің қазіргі Премьер-Министрі Эди Раманың дереу отставкаға кетуін талап етті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

«Бүгін бұл сатқын өзінің сәнді, заңсыз сатып алынған жеке меншік Learjet ұшағынан біздің жеңісті шеруіміз мен демократияның салтанат құруын бақылап отыр.  Сіздерді тонап, жерімізді ұрлап, сатып жатқан лидерді тақтан тайдырып, үкіметті құлатуға құқықтарыңыз бар"- деп атап өтті Албанияның бұрынғы Президенті Илир Мета.

Айта кетейік, адамдар сыбайлас жемқорлыққа, кедейшіліктің өсуіне және албандардың елден кетуінің артуына өз наразылықтарын білдіруде. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер