"Басқа анықтама қажет емес". Премьер-министр әкімдерге шүйлікті

1140
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдер үшін маңызды міндетті атады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бектенов орталық және жергілікті билік өкілдерінің негізгі жұмысы инвестиция тарту екенін мәлімдеді.

«Күн сайын «тағы қандай инвестор тарта аламын, қандай жаңа жобалар бар?» деген оймен ұйықтап, сол оймен ояну қажет. Бұл – санаға сіңуі керек басты қағида. Ең алдымен сіздер осы көрсеткіш бойынша бағаланасыздар. Күнделікті міндеттер өз ретімен орындала береді, бірақ басты стратегиялық бағыт – инвестиция тарту. Ел экономикасының дамуы мен бәсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты», – деді премьер-министр.

Үкімет басшысы әкімдерге инвестиция мәселесін міндеттеді.

«Маған басқа анықтамалар қажет емес. Әкімдермен бірге осы мәселемен айналысу керек. Егер бір жоба басқа жаққа кетсе, онда жауапкершілік белгіленген тәртіп бойынша қаралады», – деп ескертті Бектенов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер