Албания астанасы Тиранда мыңдаған наразылық білдірушілер елдің қазіргі Премьер-Министрі Эди Раманың дереу отставкаға кетуін талап етті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
«Бүгін бұл сатқын өзінің сәнді, заңсыз сатып алынған жеке меншік Learjet ұшағынан біздің жеңісті шеруіміз мен демократияның салтанат құруын бақылап отыр. Сіздерді тонап, жерімізді ұрлап, сатып жатқан лидерді тақтан тайдырып, үкіметті құлатуға құқықтарыңыз бар"- деп атап өтті Албанияның бұрынғы Президенті Илир Мета.Айта кетейік, адамдар сыбайлас жемқорлыққа, кедейшіліктің өсуіне және албандардың елден кетуінің артуына өз наразылықтарын білдіруде.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The idea of mold at the neighbor's expense. Those who sold Russian wheat on behalf of Kazakhstan were arrested