Бүгін Мемлекет және Қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өмірден қайтқан күні

7140
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мемлекет және Қоғам қайраткері Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділовтің өмірден қайтқан күні. Саясаткер 17 жыл бұрын, сенбі кешінде өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов 1944 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Ол Қазақ КСР-і мен Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер.

Заманбек өзінің бала кезін «кедей және жартылай аш» деп айтатын болған. Әкесі майданда қайтыс болған Заманбекті анасы тәрбиеледі. Заманбек Ұлы жүз, руы Албан болған. Ол Қазақ Политехникалық институтты, инженер-құрылысшы мамандағын бітірген.

Заманбек Нұрқаділов 1994 жылдың маусымының соңына дейін сол кездегі Қазақстанның бас қаласы Алматы қаласының 1-ші әкімі ретінде қызмет етті. 1995 - 1997 - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Кейіннен Алматы облысының әкімі болып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы ретінде қызмет атқарды.Өмірінің соңғы жылдары оппозицияның іс-әрекетіне араласты.

2005 жылдың 12 қарашасында Заманбек Нұрқаділов өз үйінде өлі табылды. Оның денесіне үш бірдей оқ тигені анықталды. Екі оқ кеудесіне, біреуі басына тиген. Болған оқиғаның ресми нұсқасы бойынша өз-өзіне қол жұмсаған деп танылды. Көп қазақстандық үшін саясаткердің өлімі жұмбақ күйінде қалды. З. Нұрқаділов Алматыдағы "Кеңсай" зиратына жерленген.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

 

 

 

Пікірлер