"Заманбектің қызы концерттің алдында пышақтап кеткен". Әнші Мақпал Жүнісова өміріне жасалған қастандық туралы айтты

1205
Adyrna.kz Telegram
Фото: Gakku.kz
Фото: Gakku.kz

Әнші Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділовтің қызы оны пышақтап кеткені туралы ақпарат айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "DinDinaShow" бағдарамасына сілтеп.

Әнші Құралай Нұрқаділованың концерттің дәл алдында пышақтап кеткенін айтқан.

«Әкесін мен өлтірді деп балалары маған жала жапты. Мерей 11 сынып бітірген кезде де келмеген адамдар. Одан кейін барып анау жақтағы қыз «Мақпалмен өлсем де араласпаймын, Мереймен араласуға болады» деп сұхбат беріп отыр. Мерейдің телефонын Алтынбек Қоразбаев ағадан сұрап алған. Мерейге қоңырау шалып, мазасын ала бастады. Оны маған Мерей айтты. Содан кейін шындықты айтуыма тура келді. Оның қызы маған қиянат жасады. Маған пышақ салды. Маған пышақ салған адам мені керемет қыла ма? Құралай маған пышақ салған. Концерттің алдында Республика сарайының жанында пышақтап кеткен. Ол «Вечерний Алматы» деген газетке шыққан. Нұрқаділовтің қызы деп тұрып шықты», – дейді ол.

Әнші концерттен кейін де келген полицейлерге бұл істі Заманбек Нұрқаділовтің қызы істемеген деп хабарлағанын да жасырмады. Бұған себеп - Заманбек Нұрқаділовтың хаты болған екен.

«Сол кезде Зәкеңді азамат ретінде қабылдадым. Құдай-ай, тірі қалдық қой, әйтеуір. Құрсын, оның қызы емес деп жазып берейін дедім. Сіңлім сонда маған айғайлады: «Ертең сені өлтіріп кетсе, кім жауап береді?» деп маған ұрысты. Мен «анау бастыққа обал ғой, қаланың дардай бастығы, халыққа қандай жақсылық жасап жатыр, оның қызы емес деп жазып берейін» дедім де, полицияға «жасөспірімдер солай істеді» деп жазып бердім. Сөйтіп, әкесінің абыройын ойлап, мен оны кешіргенмін. Бірақ одан кейін түсінді ме?» – дейді Мақпал Жүнісова.

Пікірлер