«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тексеріс жүргізіліп, 151 заң бұзушылық анықталды

994

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік Қоғамының Көмір департаментінің «Тентек» шахтасындағы қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларға тексеру жүргізді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Кәсіпорынның негізгі қызметі жерасты тәсілімен көмір өндіру болып табылады.

Тексеру барысында 305 объекті тексеріліп, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 151 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- нормативтік қызмет мерзімін өтеген техникалық құрылғыларға, оларды одан әрі қауіпсіз пайдаланудың ықтимал мерзімін анықтау үшін сараптама жүргізілмегендігі;

- өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылыстарды тексеру және диагностикалау жүргізілмегендігі;

- шахтада ауаның рұқсат етілген жылдамдығынан асатын қазбалар пайдалануда болуы;

- қазбаларды бұзу және қайта бекіту бөлігінде желдетуді жақсарту бойынша іс-шаралар орындалмауы және басқалары болып табылады.

Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін бұзушылықтар бойынша Қарағанды облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа технологиялық кешеннің В1400 жолақты конвейерін тоқтата тұру туралы талап арыз жіберу түрінде жедел ден қою шаралары қабылданды, кемшіліктері: авариялық (8 дана) және аварияға дейінгі (45 дана) плиталарын бөлшектеу жүргізілмеген, сондай-ақ оларды жаңа монолитті темір/бетон қабатымен ауыстырылмаган; Ф-1, Ф-2, Ф-3, Ф-4 фермаларының қабаттасуы дәнекерлеудің көптеген бұзылуларына, пурлиндер мен байланыстырушы бұрыштардың беткі коррозиясының болуы; құрама темірбетон жабыны монолитті темірбетон жабынымен ауыстырылмаған; галерея тіректерінде құрылымдық элементтердің дәнекерленген жіктері үзілген.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket