Президент Жолдауы: Алматылықтар «Жасыл аула» акциясы аясында 1700 көшет алды

2689
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын ел назарына ұсынғаны белгілі. Жолдау барысында Мемлекет басшысы еліміздегі экологиялық жағдайға баса назар аударған болатын.  Аталған жолдаудың 7-ші бөлімінде ел Президенті еліміз бойынша 2 млрд ағаш отырғызатыны туралы баяндаған. Осыған байланысты Алматы қаласының экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы «Жасыл аула» дәстүрлі акциясын қорытындылады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алматылықтардан барлығы 200-ге жуық өтінім келіп түсті, оның ішінде 1700 көшет алуға 133 өтінім мақұлданды.

Бостандық, Наурызбай және Алатау ауданының  тұрғындары аса белсенділік танытты. Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары өтініштер бойынша көшеттерді тарату жұмыстарына кірісіп кетті.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда қала тұрғындарына көшет тарату бойынша «Жасыл аула» акциясының басталғаны туралы хабарланған болатын. Қалада көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті алматылықтарға шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін алуға мүмкіндік берілді.

Ағаш отырғызу жұмыстары 2022 жылдың 27 қазаннан бастап жүргізілді Көшеттерді тарату 3 қарашаға дейін келесі мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қ., Алатау ауданы, Ұлжан-2 шағын ауданы, Бертайызы к-сі, 24.

Көшеттерді отырғызғаннан соң олардың фотоесептерін жіберу қажет.

Пікірлер