Мухоряповтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

3655
Adyrna.kz Telegram

Алматы полициясы кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы журналист Күлтегін Аспанұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Достар, Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесіне қатысты арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы қаласының Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы 20 қазанда ҚР Бас прокуратурасы мен Алматы қаласының прокуратурасына түсірген арызыма қылмыстық іс ашқаны жайлы жауап беріпті»,—деді ол.

Айтуынша, құзырлы орган ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

«Бұл айыптың жазасы заңда үш нұсқада көзделген: 2 мың – 7 мың АЕК айыппұл, 2 – 7 жыл аралығында бас бостандығын шектеу немесе айыру. Айыпты деп танылса, сот мән-жайды ескере отырып осы үшеуінің біреуін таңдайды», – деп сөзін толықтырды журналист.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер