Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб Ұлытауда болды

1259

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Ұлытау облысында жалғасты.

Жезқазған қалалық Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде өңір жұртшылығымен кездесу өтіп, оған 500-ге жуық адам қатысты.

Ұлытаулықтармен әңгімелесу кезінде РҚШ мүшелері кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген өңірлерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов Ұлытау топырағы ұлт бірлігін бейнелейтін қасиетті мекен екенін атап өтті.

«Ұлтымызды ұйыстырған Ұлытау жері – елдіктің, бірліктің бастауы. Біз алдымыздағы сайлауда соны тағы бір мәрте дәлелдеуге тиіспіз. Біздің бір тудың астына жиналып, коалиция құруымыз да осының айғағы. Бірлігіміз кез-келген сынақты еңсереді. Алдағы сайлауда да өз бірлігімізді көрсетуіміз керек», – деді Ерлан Қошанов.

Бұдан кейін, Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері «ULYTAU NAN» ЖШС нан зауытында болып, кәсіпорын қызметкерлеріне кандидаттың бизнесті дамыту және кәсіподақтарды қолдау жөніндегі сайлауалды бастамаларын түсіндірді.

Өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі «Kazakhmys Smelting» ЖШС мыс балқыту зауыты саналады. РҚШ мүшелері металлургтермен Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген өндірістегі еңбек құқықтарын қорғау және өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту мәселелерін талқылады.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket