Президент сайлауына кімдер түседі?
21 қазан күні Президенттіке кандидаттарды тіркеу аяқталған болатын. Осы сайлауда 6 кандидат тіркелді. Одлардың тізімі төмендегідей:
Кандидат | Жасы | Ұсынған қоғамдық бірлестік |
Әбден Қаракат Жақсылыққызы | 48 жаста | «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі |
Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы | 65 жаста | «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі |
Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы | 67 жаста | «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі |
Қажыкен Мейрам Зекешұлы | 61 жаста | «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі |
Тоқаев Қасым – Жомарт Кемелұлы | 69 жаста | Халықтық коалиция |
Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы | 56 жаста | «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі |
Кандидаттар қандай бағдарламалар ұсынды?
Құқық қорғаушы Тұрсынбекова Салтанат өз бағдарламасын қоғамның және балаларымыздың болашағын өзгертуі тиіс реформаларды ұсынатынын жариялады. Кандидат бұл өзгерістер ел дамуының жаңа траекториясының бастапқы нүктесі болуы керек деп есептейді. Салтанат ханымның бағдарламасы 5 негізгі тармақтан тұрады:- Сот-құқықтық реформа және қоғамдық қауіпсіздік.
- Билік институттарын демократияландыру.
- Отбасы институтын нығайту, халықты әлеуметтік қорғау.
- Бизнесті және экономикалық дамуды қолдаудың тұрақты құқықтық тетіктерін бекіту.
Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ, саясаттанушы