Алматы қаласында жыл соңына дейін екі білім ұясы ашылады

2487
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі- мектептердегі орын тапшылығы», деген еді.  Президент аталған мәселені шешуге шұғыл шара қабылдамасақ, 2025  жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жететіндігін айтқан болатын, деп жазды « Адырна» тілшісі.  

«Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін», - деді Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Бүгінгі күні Мемлекет басшысының мектептердегі орын санынның аздығын азайту туралы тапсырмасын орындау ісі Алматы қаласында қарқын алған. Бұл туралы шаһар әкімі  Ерболат Досаев Наурызбай ауданы халқымен кездесуі барысында айтты.

Алматы қаласына қаратсы ауданда оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Мәселен, жаңа оқу жылына 2 мектеп, оның ішінде: Қалқаман шағынауданында 1 800 орындық және Қарғалы шағынауданында 600 орындық жеке меншік мектеп ашылды.

"Жыл соңына дейін тағы 2 мектеп ашылады. Атап айтқанда, қараша айында Қалқаман шағынауданында 1 500 орындық және желтоқсанда «Алма Сити – 5» аумағында 1 200 орындық мектеп ашылады", - деп мәлімдеді әкім.

Сонымен қатар Шұғыла шағынауданында Qazaq Stroy компаниясы «Әлем Сити» (дайындығы - 60%) және «Алма Сити – 4» (10%) аумағында 2 400 орындық 2 мектеп салып жатыр. Құрылыс 2023 жылдың III-тоқсанында аяқталады.

"Жыл соңына дейін Шұғыла шағынауданында № 174 мектепке 375 орындық қосымша құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы аяқталып, мемлекеттік сараптамаға жіберілетін болады. Сараптама қорытындысы шығып, конкурстық процедуралар аяқталғаннан кейін 2023 жылдың II-тоқсанында құрылысын бастау жоспарланған", - деді мегаполис басшысы.

Құрамыс шағынауданындағы 1 500 орындық және Шұғыла шағынауданындағы 2 000 орындық 2 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2023 жылдың I-тоқсанында мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Құрылысы 2023 жылдың III-тоқсанында басталады.

Сондай-ақ Шұғыла шағынауданындағы ескі №15 мектеп-интернат және «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінің аумағындағы 2 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс жариялау үшін құжаттама дайындалып жатыр.

Пікірлер