"Құйтырқы әрекеттерден қорықпаймыз!" - президенттікке кандидат Әуесбаев өзіне қысым жасалғанын айтты

2999
Adyrna.kz Telegram

ЖСДП партиясы атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев өзіне қысым жасалып жатқанын хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

“Аймақтарда мені қолдау жөнінде қол жиналуда. Бірақ аймақтық сайлау комиссиялары менің көптеген қолдаушыларымның қолын растамауда. Егер менің қолдаушыларымның саны жетпесе, үміткер ретінде тіркелмей қалу қаупім бар. Сонымен бірге аймақтардағы біздің көптеген қолдаушыларға қысым көрсетілуде.  Аяқтан шалуды қою керек! Шымкенттегі сенімді өкілімнің дөңгелегін тесіп кеткендері қай сасқандары? Биліктің дегені болмайды, біз мұндай құйтырқы әрекеттерден қорықпаймыз. Біз кері қайтпаймыз, соңына дейін барамыз”, – деп мәлімдеді Нұрлан Әуесбаев.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Нурлан Ауесбаев (@nurlan_auesbaev)

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер