"2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысын өсіреміз" - Саясат Нұрбек

2586
Adyrna.kz Telegram

Биыл 1 қыркүйектен бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өсті. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл үрдіс жалғасып, 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы тағы да өсетінін хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Осы мүмкіндіктер сақталады. 2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз. Келесі қыркүйектен бастап тағы 15%-ке, 20%-ке. Мақсатымыз – оқытушыларымыздың, профессорларымыздың, Ph-докторанттарымыздың, студенттеріміздің шәкіртақыларын өсіріп, еңбек нарығындағы орташа және жоғары деңгейге келтіру. Неге десеңіздер, қазір ұстаздардың жалақысы өсті. Біз соңғы екі жылда 3 мыңнан астам профессорымызды жоғалтып алдық. Олар мектептерге кетті. Себебі мектепте жалақы жақсы", – деді Саясат Нұрбек.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер