«Астана Хаб» қатысушыларының заңсыз криптовалюта майнинг саудасымен айналысқаны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"2022 жылғы наурызда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына және ақпараттандыру саласында мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аралық бағалау жүргізді. Мемлекеттік аудит барысында құрылтайшылар тарапынан, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Зерде» холдингі атынан тиісті бақылаудың болмауына байланысты «Астана Хаб» қатысушыларының қатарына криптовалюта майнингі саласындағы қызметті жүзеге асыратын компаниялар енгізілгені анықталды.«Астана Хаб» қатысушыларына салықтық жеңілдіктер беру майнингтік компаниялар үшін «оффшорлық алаңға» айналды", - делінген хабарламада.
Бұл ретте аталған компаниялардың қызметі «Астана Хаб» халықаралық технопаркінің мақсаттары мен мәніне сай келмейді. Осыған байланысты ЦДИАӨМ-ге мынадай:
- «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 37/НҚ бұйрығына, криптовалюта майнингі саласындағы есептеу операциялары және деректерді өңдеу орындау үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті қызмет түрлерінен алып тастау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша (жеке ЭҚЖЖ тағайындаумен);
- «Astana HUB» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» КҚ қызметінің миссиясы мен мақсаттарына сәйкестігі тұрғысынан технопарк қатысушыларына түгендеу жүргізуді қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау тапсырылды.
Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне және меншікті өндірістің өлшемшарттарына, Технопарк қатысушыларына цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым ұсынуға шектеулер белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Қатысушыларға цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым ұсыну тұрғысынан түгендеу жүргізілді.
Жыл басынан бастап түгендеу нәтижелері бойынша:
- Технопарктің 73 қатысушысымен тараптардың келісімі бойынша технопаркке қатысу қызметінің талаптары туралы шарт бұзылды;
- Технопарктің миссиясы мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға байланысты 10 қатысушы Технопарктен шығарылды;
- Тоқсан сайынғы есептерді ұсынбағаны үшін Технопарктен 25 қатысушы шығарылды.
"Адырна" ұлттық порталы