В. Зеленский: Ресей тек Украинаға емес, әрбірімізге - жау

2481
Adyrna.kz Telegram

Украина және әлемнің жеті алпауыты [G7] Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция, Жапония және АҚШ елдері Ресейге қарсылық көрсетуді үдету үшін кеңес өткізіп жатыр. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы жазды. 

Кеңесті Германия канцлері Олаф Шольц шұғыл түрде Зеленскидің өтінішімен ұйымдастырды. Бұл жайлы Президент өзінің твиттер парақшасында жазды.
Кеңесте:

"Әр 10 минут сайын Отаны үшін жан тәсілім еткен украиндық ''Шейіт" жайлы ақпарат келеді. Ресей бүгін таңертеңнің өзінде 28, кеше 84 зымыран атты. Біз Ресейдің тек Украинаға емес, әрбірімізге жау екенін ұғынуымыз керек", - деді Зеленский.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер