Құр білген керек емес – білгенді іс қылған керек.
* * *
Білімнің мақсаты – ар ілімін игеру.
* * *
Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,
Дүние – алдамшы, өмір – қу деп елірме.
Қамдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе,
Бәрін құдай қылады дегенге ерме.
* * *
Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды.
* * *
Ең зиянды адам – мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам болады.
* * *
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос – өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар.
* * *
Көңілі жұмсақ адамның күрмеуін тағдыр шешеді.
* * *
Қиянат қылма адамға – таза еңбек істе заманға.
* * *
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан.
* * *
Байлық жақсы екені елге мәлім,
Өзің істеп әдет қыл – келсе халің.
Қолың білсе біреуге жалынбайсың,
Шыдамды бол, еріншек болма, жаным.
Басқалармен бөлісе
отырыңыз