Министр ғылыми институттың мүшкіл жағдайымен танысты

3800

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы ғылыми-зерттеу институттарына барды. Ол кездесу барысында қызметкерлермен тілдесіп, өтініштерін тыңдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ғылыми әлеуетін дамытуға үлкен мән беріп отырғанын көпшілік біледі. Өйткені, ғылыми прогресс отандық экономиканы одан әрі дамытудың негізгі аспектілерінің бірі болып есептеледі.

Алматыға жұмыс сапары барысында екі ғылыми-зерттеу институтында болдым: зоология, генетика және физиология.

Институт қызметкерлерімен кездесулер өткізіп, Қазақстан ғылымын дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмастық, саланың мәселелерін талқыладық. Генетика және физиология институты қызметкерлерінің мал шаруашылығындағы практикалық генетикалық зерттеулерге арналған еңбектері беделді Plants журналында жарияланды. Осы уақытқа дейін бірде-бір қазақстандық генетиктің зерттеуі мұндай беделді басылымға шықпады.

«Зоология институты» ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары 800-ден астам жануарды сипаттап, Қазақстанның жойылып бара жатқан жануарларының Қызыл кітабын басып шығарды. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Қазақстандағы құстардың көші-қоны және олардың вирустық инфекциялардың (соның ішінде коронавирус) таралуындағы рөлі саласында зерттеулер жүргізеді. Айтпақшы, Зоология институты биыл 90 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Кездесу барысында ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері институттарды материалдық-техникалық жарақтандыру, кадрларды даярлау және жас ғалымдардың еңбек жағдайын жақсартуға байланысты мәселелерді ашық айтты. Көтерілген дүниелер министрліктің бақылауына алынды, бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды»,—деді ведомство басшысы.

Министрдің Алматыдағы сапары туралы белгілі журналист Серік Аббас-Шах та жазды.

"Мына фотолар Әл Фараби 93-те орналасқан "Генетика және физиология" ғылыми институтында түсірілген (деседі).
Түсірілген уақыты - 1993 жыл емес, 2022 жыл (ХХІ ғасыр, бүгінгі күн)
Ғимарат апаттық жағдайда тұрғанын суреттен көруге болады.
Бүгін бұл ғимаратқа жаңа министр келіп, бәрін өз көзімен көріпті (деп жатыр).
Ғылым да, ғимарат та реанимацияда сияқты.
Бұрын "Әкесі өлсе де естіртеді" дейтін принциппен неге осылай ашық айтылмаған?
Бұл саланы тірілтуге мықты жүйке керек, Саясат мырза.
Уинстон Черчильдің "Ол Ресейдi соқамен қабылдап, соңына атом бомбасымен қалдырды” дегеніндей Президентке де сын.
Ғылым оңалмай, басқа сала оңалмайды. Еее де…" деп жазды ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында.


(Фотолар Саясат Нұрбектің және Серік Аббас-Шахтың Фейсбуктағы парақшаларынан)

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket