«АЯЗ-дың» халі аянышты

758

«Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпараттық- насихаттау тобы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазанның бесі күні ақпараттық-насихат тобы қаладағы «АЯЗ» ЖШС ұжымымен кездесті.

БҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Амангелді Давлетжанов пен этномәдени және қоғамдық бірлестіктер жұмысы бойынша бөлім басшысы Инесса Тоболева серіктестік жұмысшыларымен жүздесіп, Президент атаған көптің көкейінде жүрген өзекті мәселелерді шешудің жолдарын жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында көптеген мәселе көтерді. Жолдауда Жаңа қазақстан болашақта қай бағытқа бет бұратыны туралы нақты айтып, осы бағытта нақты міндеттер қойды. Бұдан бұрын Қоғамдық кеңестің үлкен жиыны өтіп, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері жеті топқа бөлініп, әр сала бойынша түсінік жұмыстарын жүргізуді бастап кеттік, онымен қатар азаматтардың тұрмысын арттырып, ел экономикасына екпін беретін бағыттарды да айқындап берді. Қарапайым халықтың да күткені – осы, – дей келіп, Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталды.

Өз кезегінде «АЯЗ» ЖШС директоры Амангелді Ермекқалиев қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіппен айналысатын отыздан аса жұмысшысы бар серіктестіктің толғақты мәселелері туралы ашып айтты. Амангелді Шманғалиұлының айтуынша, бүгінде ауылдағы ағайын төрт түлігін көбейтті. Дегенмен, тұрғындар бағып отырған малының етін ғана саудалайды. Малдың терісі, қойдың жүні ондаған жылдан бері керексіз тауар болып қалған. Ауылдағы мал баққан ағайын жылына екі рет қырқып алатын қойының жүнін далаға тастайды. Себеп біреу – жүн алатын орындар жоқ, болса да жүн бағасы өте арзан. Қалаға алып келіп, тапсырған уақыты мен шығынына тұрмайды. Мал терісі де солай – соғым науқанында сиыр терісі саудаланатыны болмаса, қалған терінің қызығын ит-құс көріп жатыр. Сондықтан қайта өңдеу кәсіпорнына шикізат қат. Саланы дамыту үшін жаңа бағдарлама қажетін қанша жылдан бері мәселе етіп көтеріп жүргенімен еш нәтиже жоқ.

Өнімдерін елімізден бөлек, алыс-жақын шетелдерге таратып келген байырғы мекеменің қазіргі жағдайын бағамдаған Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Амангелді Давлетжанов Үкімет тарапынан арнайы бағдарлама керегін айтып, мәселені құзырлы органдарға жеткізетінін айтты.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket