Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Захарованың Украинаның Қазақстандағы елшісіне қатысты мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Оның мәлімдемесінің үні, біздің ойымызша, Қазақстан мен Ресейдің тең құқылы стратегиялық әріптестер ретіндегі одақтастық қарым-қатынастарының сипатына сәйкес келмейтінін атап өткім келеді», - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Сондай-ақ, Ресей елшісі Алексей Бородавкин Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне әңгімелесу үшін шақырылды
Еске салайық, Бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оған Қазақстан тарапы ешуақытта шығарып жібермеген Украинаның республикадағы елшісі Петр Врублевскийге қатысты жағдайды қабылдауға болмайтынын айтқан болатын.
Бұл туралы Ресей дипломатиялық миссиясының ресми өкілі Мария Захарованың түсініктемесінде де айтылған.