Фотография өнеріне қызығатын жандарға тегін білім!

1989
Adyrna.kz Telegram

"Жастарды әлеуметтендір және оңалту" жобасының аясында белгілі фотографтардың қатысумен шеберлік сағаты өтуде. Білімді игеру оффлайн форматта жүріп жатыр. 

әл-Фараби атындағ қазақ ұлттық университетінде 23 қыркүйек күні Асылхан Әбдірайымұлының қатысуымен бір айлық шеберлік сағаттың ашылуы өтті.

Одан бөлек іс шараға "Әлемнің үздік 10 фотографы" санатына енгер Серік Мұқышұлы, Досжан Балабекұлы, Оңғарбек Алхаров, Қалиғұмар Қабдешов те бой көрсетіп жас буынға фотография салсаныңы қыр - cырын үйретуде. Жастарға осы арқылы қалай кәсіп бастауға болатынын айтып, жаңа бастамаға желеу болуда.

"Болар баланың бетін қақпа белін бу деген. сырт көзге суретке түсіре салу оңай көрінгенімен, оны ұнатқан жан болса, үлкеен қажырлы еңбек жатыр. Неге десеңіз фотограф әуелі сабырлы болуы тиіс. Сонда ғана оның жұмысы өнімді болады" деді Асылхан Әбдірайымұлы.

Сонымен қатар осы күні қазақ фотожурналистикасында алғаш рет «ФОТОЖУРНАЛИСТ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ» оқу анықтамалық сөздігінің тұсауы кесілгелі отыр. Бұл анықтамалық фотожурналистерге арналған практи­калық нұсқаулық. Мұндағы тақырыптар белгілі бір жүйе бой­ынша түзілген, фотография туралы анықтама мәліметтерді, оның негізгі қағидаттары мен әдістерін қамтиды, фотопублицистиканың БАҚ-тағы жұмыс технологиясына баса назар аударады. Сонымен қатар бұл анықтамалықта отандық және әлемдік фотожурналистика туралы маңызды мәліметтер кел­тірілген.

 

 

 

Пікірлер