Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды

2317
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/a3321ba1-612e-464e-a0bb-4761edfe9678.jpeg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Сапар аясында Президент Семей жұртшылығымен кездесіп, өңірдің бірқатар мәдени-білім беру ошақтарын аралап көруді жоспарлап отыр.
«Мен биыл халықтың қалауын ескере отырып, осы аймақта жеке облыс құру туралы шешім қабылдадым. Аталған қадам өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Инвестицияның келуіне, өнеркәсіп пен жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасайды. Аймақты республикалық бюджеттен тікелей қаржыландыру жүйесі жүзеге асады. Бұл шешім – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы. Біз жаңадан құрылған облысты ұлттың ұлы тұлғасына деген ерекше құрмет белгісі ретінде Абай деп атадық»,—деді Президент.
Комментарии