Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған еді. Президенттің бұл пәрмені Алматы қаласында бұлжытпай орындалыпта жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Медеу ауданындағы Думан ықшамауданында сорғы станциясы мен көлемі 1800 текше метр болатын 2 резервуар қайта жаңғыртылып жатыр. Жұмысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы халқымен кездесуінде айтты.
Мегаполис басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың қараша айында Юбилейный (265 абонент) ықшамауданында 1,2 км канализация желілерін қайта жаңғырту, үш көше (Горная көшесі, Батурин көшесі және Бегалин көшесі,129 абонентті қамтиды) бойынша 1,4 км су құбыры желісінің жұмыстары аяқталады. Бұл жұмыстар Коккинаки, Луганский және Елебеков көшелерінде жалғасып, 2023 жылдың ІІ тоқсанында аяқталады.
Қала әкімі Кеңсай ықшамауданында су құбыры және канализация желілерін салу жобасы бойынша конкурс өткізіліп, мердігер анықталғанын айтты. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2023 жылдың көктеміне жоспарланған.
"Каменское плато ықшамауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жоқтығына қатысты мәселелерді шешу үшін зерттеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша қазіргі жобаны құрылыс материалдарының қымбаттауына, сондай-ақ таулы жерлердің күрделі рельефіне байланысты су құбыры және канализация желілерін салу бойынша түзетуге жіберу туралы шешім қабылданды. Құрылысты 2023 жылдың көктемінде бастауды жоспарлап отырмыз", - деп мәлімдеді Досаев.
Оның айтуынша, су көзімен қамтамасыз ету үшін Мұзтау және Көлсай ықшамаудандарында «Балқаш» ЖБҚ-да НС-2 кеңейту жобасын әзірлеп жатыр. Сондай-ақ Мұзтау мен Көлсай ықшамаудан жалпы ұзындығы 3,8 км құрайтын магистралды су құбыры желісін қосатын құрылыстың ЖСҚ әзірленіп жатыр, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы 2023 жылдың II тоқсанына жоспарланған.
"Қосымша, ағымдағы жылдың соңына дейін Сұлусай ықшамаудандағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысына және 2 ұңғыманы бұрғылауға ЖСҚ әзірлеу аяқталады. ҚМЖ-ға келесі жылдың көктемінде кірісуді жоспарлап отырмыз", - деді әкім.