“Қазақтарымызды құтқарып қалайықшы”: Айдын Рахымбаев Ресейден келген этникалық қазақтарға жатақхана бермек

2968
Adyrna.kz Telegram
Фото: businessfm.kz
Фото: businessfm.kz

BI Group басшысы Айдын Рахымбаев Ресейден келген этникалық қазақтарға Астана мен Атыраудағы жатақханалардан орын беріп, тамақпен қамтамасыз етуге уәде берді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Қандас бауырлар! Соңғы күндері көрші елде болған жағдайлар бізге де ауыр тиіп жатыр. Мобилизация деген сұмдық нәрсе ғой.. Әсіресе Орынбор, Омбы, Астрахан өңірлеріндегі майданға жүздеген қазақ бауырларымызды да алып кетіп жатыр екен. Жасын да, кәрісін де. Обал-ай... Кеткендердің көбі аман келмейтіні анық қой.

Сондықтан біз жігіттермен келген әскер жасындағы қазақтарға Астана, Атыраудағы жатақханалардан орын мен тамағын беріп, көмектесейік деп шештік. Елге қарай жетсе болды ғой. Ағайындар, қазір сөз бен дау көп, бірақ көп дауласпай, өзіміздің қарапайым қазақтарымызды құтқарып қалайықшы…

Осындай жағдайларда бір-бірімізге қолдау көрсетпесек, қашан және кім көрсетеді”, - деп жазды Айдын Рахымбаев.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер