Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды

3097
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. Сондай-ақ, Қайрат Сатыбалдыұлының есепшотынан 37 миллиард теңге шешкен сыбайласына іздеу жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Тергеу барысында Қ. Сатыбалдыұлының аса сенімді адамы - Қазақстан азаматы 1983 жылғы Эфенди Кемаль бірқатар коммерциялық кәсіпорындардың құрылтайшысы және директоры анықталды.

Эфендидің қылмыстық рөлі кеден саласындағы мәселелерді шешу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыру (жылыстату) болды. 

Ол Сатыбалдыұлы берген сенімхаты негізінде мысалы, бір эпизод бойынша ғана 2018 жылы 3 күн ішінде Қ.Сатыбалдыұлының жеке шотынан қолма-қол 37 млрд. теңге және 62 млн. ақша алған.

Ақпан айынан бері Эфенди Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып, қылмыстық қудалау органына келуден жалтарып жүр. Іздеу жарияланып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Пікірлер