“Көкшетау” тауында өрт шықты

2675
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

"Бурабай" МҰТП аумағындағы "Көкшетау" тауында өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"25 қыркүйекте таңертең жедел кезекші пультіне "Бурабай" МҰТП аумағындағы "Көкшетау" тауында шамамен 800 метр биіктікте түтіннің көрінгені туралы хабарлама келіп түсті. Нақтыланған мәлімет бойынша, өсімдіктер өртенген. Ауданы мен себептері белгіленіп жатыр", - делінген хабарламада.

Өртті жоюға Ақмола облысының ТЖД және "Бурабай" МҰТП жеке құрамының 70-тен аса адамы жұмылдырылып, олар өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кіріскен.

Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша, тұтануды жедел жою үшін Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылған, ол да жану орнына бет алған.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер