Алматылық әйелдің шотынан 5 мың доллар шешіп алған екі жігіт видеоға түсіп қалған

2423
Adyrna.kz Telegram
Фото: Алматы қаласы ПД
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматылық әйелдің шотынан 5 мың доллар шешіп алған екі жігіт видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Алматы полициясы камераның объективіне түсіп қалған екі ер адамның суретін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Полиция департаментінің мәліметінше, олар жәбірленушіні алдап, ақшасын иемденіп алған.

«Әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалған ер адам өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, одан: «Депозиттік шоттан жеке шотқа ақша аударуға өтініш бердіңіз бе?» - деп сұрайды. Содан соң күдікті әйел адамға телефонына келіп түскен кодты айтатын болса, шотқа кибершабуылдардан қорғайтын арнайы қорғаныс орнатамыз деп сендірген. Әйел айтылған талаптарды орындаған», - дейді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов

Полиция өкілінің айтуынша, бірнеше күннен кейін банк қызметкерлері әйелге хабарласып, шотынан 5 мың доллардан астам қаражат шешілгенін айтқан. Тек сол кезде алматылық алаяқтардың құрбаны болғанын түсінеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер