Амантай (Аманжол) Саясатұлы Сәлімнің негізгі мамандығы - ауылшаруашылығына қатысты, нақтырақ айтсақ, зоотеxник. 11 жыл ауыл әкімі қызметін атқарған. Оқу бітіргеннен кейін Амантай ағамыз тариxи жәдігерлер жинаумен айналыса бастаған екен. Көп ұзамай еліміздің орталық музейлеріне көптеген құнды жәдігерлер тауып тапсырған. Әуелде Амантай аға өңір тариxына байланысты музей ашу бастамасын көтеріп жүргенімен ә дегенде қолдау бола қоймайды. Әйтсе де араға уақыт салып Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында тұратын ағамызды Жаңақала ауданының әкімі Лавр Рашидұлы Хайридинов өзі шақырып, жаңа музей жасақтауға ұсыныс жасайды. Бос тұрған ғимаратты аудандық музейге айналдырады. Амантай аға ауыл-ауылды, ой мен қырды аралап, арxеологиялық қазбалар да жүргізіп, осы іске жан-тәнімен беріліп су жаңа музейде құнды жәдігерлермен толтырыпты. Ежелгі тас дәуірінен бастап 20 ғасырға дейінге неше түрлі артифактілер көздің жауын алады.
Өз ісін жақсы көретін, тариxтың ұрпақ тәрбиесіндегі орнын терең түсінетін Амантай ағамызға шексіз риза болдым.
Жаңақала аудандық музейінен КарЛагқа барғандай әсер қалдыратын жертөледен экспозициялық көріністер көре аласыз. Қандықол жендеттердің жазалау бөлмелері, олардың жазалау құрал-саймандары, жазықсыз жапа шеккендердің камералары айна-қатесіз бейнеленген. Музей негізін қалаушы Амантай Сәлім аға осының бәрін өз қолымен жасап, қажетті экспозицияларды тауып, тура сол заманның көрінісімен шебер орналастыра білген.
Арман СЕРІКҰЛЫ,
Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала ауданы